Көлік қозғалтқышының нөмірі құжатқа жазылмайды

452

Енді Қазақстан бойынша көліктердің тіркеу куәлігінде қозғалтқыш нөмірі көрсетілмейді. 1-қарашадан бастап қолданыстағы заңға осындай жаңалық енгізілді. Жол сақшылары көлікті тіркеуге қояр кезде тек шанақтың нөмірін ғана қарайды. Мұндай тәжірибені әлемнің көптеген елі қолданып келеді екен.

Қараша айының 1-жұлдызынан бастап күшіне енген өзгерістер бойынша бұдан былай көлік құралын тіркеу куәлігінде қозғалтқыштың нөмірі жазылмайды. Бұл – қозғалтқыш қосалқы бөлшек ретінде қарастырылып, ол ауыстырылған жағдайда құжат рәсімдеудің қажеті жоқ болады деген сөз.

 Сәкен Жақсылықов, ОҚО ІІД тіркеу-емтихан бөлімінің мемлекеттік аға инспекторы: «Қозғалтқыш нөмірі көлік құралын тіркеу туралы куәлік реквизиттерінен алынып тасталды. Оған жататын нөмірлік агрегаттарға тек шанақ, шасси, қаңқаның нөмірі жазылады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hepmbYbqGfA[/youtube]

Бұл өзгерістерді көлік иелерінің бірі қолдаса, енді бірі түсінбейді. Бұл топтың айтуынша, мұндай өзгеріс көлік ұрлығының көбеюіне алып келуі мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zzgcirW4hds[/youtube]

Ал құқық қорғау саласының мамандары ұрланған көлікті іздеудің жаңа тәсілдері барын айтады. Ол үшін қозғалтқыштың нөмірі тіпті керек емес.

 Сәкен Жақсылықов, ОҚО ІІД тіркеу-емтихан бөлімінің мемлекеттік аға инспекторы: «Біз автокөліктерді қаңқасының нөмірі арқылы тексере аламыз. Ал егер қажет болса біздің криминалист-маман қозғалтқышты көріп шығады. Ал, негізінен, көбінесе көліктің қаңқасын тексереміз.»

Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен нөмір белгілері болмаған кезде көлікті есептен шығаруға қатысты түзетулер енгізді. Нақты айтқанда, көлікті үш жыл бойы басқармаған жеке тұлғалар ешқандай да мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, тіркеу куәлігінсіз көлікті есептен шығара алады. Тек ол 3 жылдың көлемінде техникалық байқаудан өткізілмей, заңды түрде сатып алынғанын растаса болғаны.