Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік бағдарламалардың талан таражға түскеніне ашынады
Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік бағдарламалардың талан таражға түскеніне ашынады

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын енді Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының қоғамдық бақылауы қадағаламақ. Облысқа іс-сапармен келген коммунистік партияның хатшысы Жамбыл Ахметбеков журналистерге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік бағдарламалардың талан таражға түскеніне ашынады
Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік бағдарламалардың талан таражға түскеніне ашынады

Өйткені, «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалуы коммунистердің көкейін күпті еткен. Ішімдік суға жаримыз деп қабылданған бағдарлама, керісінше нағыз жемқорлықтың жүйесіне арналған,- дейді партия хатшысы. Оның айтуынша, облыс аумағында осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірнеше жұмқыру деректері анықталған. Мәселен, бір құрылыс нысанына 10 миллион теңге бөлінген, алайда бұл құрылыс шын мәнінде басталып та үлгермепті. Сондықтанда партия өкілдері қоғамдық бақылау, халық арасынан құрылады деп отыр.

Жамбыл Ахметбеков ҚКХП орталық комитетінің хатшысы: » Қоғамдық бақылау ең жіті тексерілген, ең жақсы бақылау. Оның ішінде ашықтықта, шындықта, шынайылықта болады. Оның үстіне халық өзі көріп тұрады. Қай жерде дұрыс, қай жерде бұрыс екенін». 

Қоғамдық бақылауға кез-келген азамат мүше бола алады. Қазір бастамашы партия бақылаушыларды жинақтауда. Осы орайда коммунистіктер қоғамдық тыңдау өткізіп, көпшіліктің пікіріменде бөлісті.