2024 жылы азаматтар мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізе алады

22
Қоғамдық қабылдау барысы
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтары мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізе алатынын айтты.
Жуырда президент қол қойған «Қоғамдық бақылау туралы» заң келесі жылы 4 сәуірде күшіне енеді.
Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық бақылауды Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары және үкіметтік емес ұйымдар жүргізе алады.
«18 жасқа толмаған, өтелмеген соттылығы бар, наркологиялық немесе психикалық диспансерде есепте тұрған азаматтар қоғамдық бақылауға жіберілмейді», – деді Қадыров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
жергілікті атқарушы органдар,
орталық атқарушы органдар,
квазимемлекеттік сектор,
дербес білім беру ұйымдары.
«Егер азамат, мысалы мемлекеттік мекемеге, емханаға немесе мектепке қоғамдық бақылау жүргізгісі келсе, ең алдымен ол өзі тексергісі келетін мекемеге хабарландыру жіберуі керек. Мекемені хабардар еткеннен кейін қоғамдық бақылау жүргізуге болады. Ешқандай проблема туындамайды», – деді вице-министр.
Сондай-ақ қазақстандықтар қоғамдық бақылау топтарын құра алады. Топ кемінде бес азаматтан құралуы керек.
«Бес азамат біргіп «осындай топ құрылды, осы сала қызықтырады, осыған байланысты біз осы мекемеге тексеру жүргіземіз деп хаттамасын жасайды да, сол хаттамасын жібереді. Соған сәйкес жұмыс жүргізіледі», – деп түсіндірді ол.
Қадыровтың айтуынша, қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеу барысында әлем елдерінің заңнамасы зерделенген. Олардың арасында АҚШ, Еуропа елдері, Корея, Жапония бар.
«Мысалы АҚШ-та әрбір адам кез келген мекемеге өзі барып, қоғамдық бақылау жүргізе алады. Ешқандай шектеу жоқ. Біз де алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолданып, осындай мүмкіндік беріп отырмыз, – дейді вице-министр.
Айта кетері, биыл 2 қазанда президент «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойды. Заң алты айдан кейін, яғни 2024 жылы 4 сәуірде күшіне енеді.