Облыстық клиникалық ауруханада құлағы ауыратын жандарға арналған жаңа жабдық пайда болды. Оңтүстік кореядан әкелінген «Миллиниум грант» аппараты құлақ, мұрын, тамақ ауруларын тексереді. Мәселен, емделуші аппаратқа қаралған соң кескіндемесі бірден компьютерге түседі. Енді медицина қызметкерлері бұрынғы ескі аппарат шығарған пленкаларды тасымалдап, уақытты текке кетірмейді.
Жаңа рентген құрылғы электрондық нұсқа арқылы файлды қажет жерге дереу жібере алады. Сондай-ақ, ауруханаға су жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты да әкелінді. Дәрігерлердің айтуынша АҚШ мемлекетінде шығарылған мұндай құрал Қазақстанда санаулы-ақ екен. Бұл аппарат бауыр, бүйрек, жүрек, ұйқы безіндегі ауруды көре алады. Дәрігерлер ендігі кезде бұл аппараттарды меңгеруге барыншы тырысып жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=E23t8jN2qUc[/youtube]
Марат Пашимов, Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігердің орынбасары: «Бізде ультрадыбыстық зерттеу аппараты жансақтау бөлімінде тұратын еді. Шетелден әкелінген бұл құрал бізді қуантып отыр. Себебі, бұл жылжымалы аппаратмен науқастың жанына барып ауруын анықтай аламыз».