«Миллиниум грант» құрылғысы құлақ, мұрын, тамақ ауруларын тексереді

Су жаңа құралмен науқастын дертін лезде анықтауға болады

Облыстық клиникалық ауруханада құлағы ауыратын жандарға арналған жаңа жабдық пайда болды. Оңтүстік кореядан әкелінген «Миллиниум грант» аппараты құлақ, мұрын, тамақ ауруларын тексереді. Мәселен, емделуші аппаратқа қаралған соң кескіндемесі бірден компьютерге түседі. Енді медицина қыз­меткерлері бұрынғы ескі аппарат шы­ғарған пленкаларды тасымалдап, уа­­қыт­ты текке кетірмейді.

Су жаңа құралмен науқастын дертін лезде анықтауға болады
Су жаңа құралмен науқастын дертін лезде анықтауға болады

Жаңа рентген құрыл­ғы электрондық нұсқа арқылы файл­ды қажет жерге дереу жібере алады. Сондай-ақ, ауруханаға су жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты да әкелінді. Дәрігерлердің айтуынша АҚШ мемлекетінде шығарылған мұндай құрал Қазақстанда санаулы-ақ екен. Бұл аппарат бауыр, бүйрек, жүрек, ұйқы безіндегі ауруды көре алады. Дәрігерлер ендігі кезде бұл аппараттарды меңгеруге барыншы тырысып жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=E23t8jN2qUc[/youtube]

Марат Пашимов, Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігердің орынбасары: «Бізде  ультрадыбыстық зерттеу аппараты жансақтау бөлімінде тұратын еді. Шетелден әкелінген бұл құрал бізді қуантып отыр. Себебі,  бұл жылжымалы аппаратмен  науқастың  жанына барып ауруын анықтай аламыз».