Облыстық өзбек театры гастролін Шымкенттен бастады

378
Шет елде өзбек театры ОҚО ғана бар

Құрылғанына 10 жыл болған облыстық өзбек театры гастролдік сапармен Шымкентке келді. Ұжым алдымен «Айлакер» комедиясын көрерменге Халықтар достығы үйінің сахнасында ұсынды. Қойылым өзбекстандық Зулқұмар Салиев шығармасының негізінде сахналанған. Басты кейіпкері — Мохира шаңырағын сақтап қалу үшін амалсыз айла мен қулыққа барады.

Қойылымдағы әжуа етілген екіжүзділік, құлық-сұмдық бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған дейді мамандар. Театр ұжымының мақсаты — жастарға мұндай жағымсыз құбылыстардан аулақ болуды үндеу. Осындай құнды қойылымдарымызды көрермен көңіліне жол тапса, ұжымның үлкен игі ісі болар еді дейді театр басшысы.

Алушы жеңеді ма, аңдушы жеңеді ма

 Икрамжан Хашимжанов, облыстық өзбек театрының директоры: «Шымқаламыздағы көптеген қалталы азаматтарымыз шетелдерге барып, қандайда бір спектакль, операларды көргенімен, өзбек ұлтының, мына жерде тұрған Сайрамдағы қойылымдарға келе алмайды. 200 теңгелік билетіміз туралы айтуға да ұяласың. Уақыт жоқ дейді. Уақыт қашан болады? Уақыт ешқашан да жетпеген. Осындай біз қалаға келгенде олар театрға көбірек келсе, жақсы болар еді.»

Бұл жолғы қойылымды, негізінен, оқушылар тамашалады. Бұдан кейін театр ұжымының гастрольдік сапарының туына айналған «Айлакер» қойылымы, бірнеше спектакль және концерттік бағдарламасымен Кентау, Түркістан қаласына жол тартады.