Паралимпиадалық спорт түрінен Шымкенттің саңлақтары келесі маусымға дайындалуда

351
Бекжан Есіркепов - Азия чемпионы. Ендігі мақсаты Әлемдік аренада ептілік таныту

Көзі нашар көретін спортшылар арасынан шымкенттіктер топты жарып келеді.  Ел чемпионатынан, тіпті халықаралық аренадан да жерлестеріміз жүлделі оралуда. «Спартак» спорт кешенінде Азия чемпиондары жүзуден шеберлігін шыңдауда. Құрлық жарысында  екі бірдей спортшымыз мүмкіндігі шектеулі жандар арасында топты жарған болатын. Жүлде қоржынына екі алтын медаль салды. Бекжан Есіркепов арқамен жүзуде Азия чемпионы атанды. Жерлесіміздің ендігі мақсаты паралимпиадалық ойындарда үздік танылу. Келесі жылдан бастап қажетті жолдама үшін таласатын болады. Бағы жанса, Бразилияға да барып қалуы әбден мүмкін.

Бекжан Есіркепов - Азия чемпионы. Ендігі мақсаты Әлемдік аренада ептілік таныту
Бекжан Есіркепов — Азия чемпионы. Ендігі мақсаты Әлемдік аренада ептілік таныту

 

«Дайындығымыз жақсы. Дегенмен жаттығулар қажет қой. Бапкердің айтқанынан шықпай шеберлігімізді шыңдап жатырмыз. Ендігі мақсат, келесі жылы өтетін ел чемпионатында жеңімпаз болу. Паралимпиадалық ойынға жолдама үшін таласу. Ересектер арасында ептілік танытсам деймін. Ол үшін уақыт қажет. Әзірге барлығына ризамын»- дейді Азия чемпионы Бекжан Есіркепов.

Паралимпиадалық спорт түрлерінің арасынан жүзу Шымкентте жақсы дамыған. Ерсектер командасында бойжеткендеріміз топты жарып жүр. Ендігі мақсат Әлемдік аренаға жолдама алу. Сол себепті де ауа-райына қарамастан жерлестеріміз жаттығуларын жалғастыруда. «Қысы бойында осында дайындаламыз»- дейді бапкер. Келесі жылдан бастап, жарыстар қатары қайта басталады.