Сайрам өзбек драма театрына — 10 жыл

753
Театр ұжымы ғимаратына мынадай мәтінді мақтана іліп қойыпты

Биыл Сайрам өзбек драма театрының құрылғанына 10 жыл толды. Өнер ұжымы айтулы датаны айрықша атап өтті. Айта кетейік, театр сахнасында бүгінге дейін 60-тан астам пьеса қойылған. Театр ұжымын айтулы мерекемен құттықтау үшін жүздеген жерлестеріміз жиналды. Өнер иелерінің еңбегін облыс әкімінің орынбасары да елеп, арнайы сый-кәдесін табыстады.

Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: «Қазақстанда 120-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Соның ішінде өзге ұлт өкілдерінің 106-сы біздің өңірде тұрады. Бұл — біздің елдің ең негізгі байлығы. Біздің жеңісіміз де, жемісіміз де осыған байланысты.»

Сый-құрметке, ықыласқа толы құттықтаудан соң театр сахнасында сырға толы әсем әндер орындалды. Ал театр әртістері кеш қонақтарына арнап, сазды-әуендік қойылымын ұсынды.

Икрам Хашимжанов, облыстық өзбек драма театрының директоры: «Осыдан 10 жыл бұрын, 22-қазан күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы Оңтүстікке ат басын бұрып, Сайрам ауылына келді, облысымыздағы жарты миллионға жуық өзбек халқына осы драма театрды ашып берді. Қазір міне, күні бүгінге дейін қаншама еңбектерді сахналап үлгердік.»

[youtube]http://youtu.be/CRMw9eVqF5o[/youtube]

Көрермендерге сахналық киімдер де кеңінен таныстырылды. Бұл көрсетілім мереке қонақтарының қызығушылығын тудырғаны анық.

Рустам Сайтходжаев, облыстық өзбек драма театрының әртісі: «Осындағы әртістердің киімдері әрбір қойылымға арналып тігілген. Мәселен, Гогольдің «Ревизор» спектаклін қойғанбыз, бұған да арнайы костюмдер дайындалған болатын. Және Абайды қойғанбыз, Ұлы ақынның киімдері де бізде дайын. Бұдан бөлек Әзімхан, Құнанбай, Оразбай сияқты кейіпкердерге де барлық қажетті киімдер әзірленген. Тек тарихи қойылымдарды ғана емес, ертегілерді де жиі қоямыз.»

Театр ұжымы ғимаратына мынадай мәтінді мақтана іліп қойыпты

Осылайша облыстық өзбек драма театрының ұжымы көпшіліктің құрмет-құттықтауына ие болды. Айтулы датаны асыға күткен өнер иелері сахнаға көтеріліп, өздерінің көрермендеріне деген алғыстарын білдірді.