Көрсетілім соңы ашық сұрақ алаңына айналды. Шығармашылық топ Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттерімен кездесіп, көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. «Шал» туындысы екі жақты тұрғыдан талқыға түсті.
Айтпақшы, «Келін», » Шал» туындыларын жасаған режиссер Ермек Тұрсынов жаңа туындының түсірілім жұмыстарын бастап кетіпті. Енді ол «Кемпір» деген кино түсірмекші екен. Кино әлемінде өзіндік орны бар режиссер көрермендерін «Немерелерін қуаған кемпір» туындысымен қуантпақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=guDweqQnXfY[/youtube]