Соңғы уақытта қалалық ішкі істер басқармасына көлігі ұрланған азаматтардан түскен арыз-шағым көбейіп кеткен. Тұрғындардың айтуынша, үйдің ауласы мен тұрақтағы көліктерін белгісіз біреулер мініп кетеді екен.
Соңғы шағымданған 50 жастағы Шымкент тұрғыны түн ішінде құны жарты миллион теңге тұратын «Опель-Вектра» көлігінен айрылып қалғанын айтқан. Осы іске байланыс шұғыл-іздестіру шараларын жүргізген Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері 19 және 17 жасар екі күдіктіні қолға түсіреді. Сайрам және Қазығұрт ауданында тұратын олар еш жәрде жұмыс істемейтін болып шыққан.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zIkZVFhLjqs[/youtube]
Тергеу барысында анықталғаны — күдіктілер көбінесе «Опель» және «Лада» көліктерін ұрлап мініп кетіп, сатумен айналысқан. Яғни, екі баукеспе осы уақытқа дейін 20 көлікті ұрлағандарын мойындады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_dVPz77oA-Q[/youtube]
Қазір күдіктілер қамауда жатыр. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, өзге де заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталуда.