Көлікті заңсыз айдап кетіп, жол-көлік апатын жасаған күдікті құрықталды

313

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын келіп, шағым түсіреді. Жәбірленушінің айтуынша, ол таңғы 07:00 шамасында Шымкент қаласынан Жетісайға келе жатады. Сол кезде Сарыағаш жақтан ерлі-зайыпты азаматтар тоқтатып, көлікке отырады. Көліктің артқы жағында жолаушы ретінде отырған өзіне бейтаныс ер азамат Жетісайға келгенде өзін қылқындырғанын, сондықтан көлікті тоқтатып түскенін осы сәтті пайдаланған күдікті көлігін заңсыз айдап кеткенін жеткізеді.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құқралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді.

Өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден арнайы топ құрылып, оқиға орнына жетеді. Жәбірленушінің көлігін мұқият іздестіріп, жақын аймақтарды аралап шығады. Нәтижесінде қала көшелерінің бірінен көліктің жол-апатына түсіп, аударылып жатқан жерінен табады. Содан, жәбірленушіні көлігін көріп, ішіндегі ұялы телефоныныңда жоқ екенін айтады.

Тәртіп сақшылары көлікті ұрлап, жол-көлік апатын жасап, онымен қоймай телефонды ұрлап кеткен күдіктіні іздестіру жұмыстарын одан ары жалғастырды. Жақын арадағы базарларға барып, ұялы телефон сатып алушылардың дүкендерін тексерді.

Полицейлердің түйсігі алдамаса керек, олар жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 2-3 сағат ішінде күдіктіні ұялы телефонды сатып тұрған жерінен қолға түсіреді. Тергеу барысында күдікті Шымкент қаласының тұрғыны, Жетісай қаласындағы ата-анасының үйіне әйелімен келе жатқаны анықталады. Жәбірленуші көлік жүргізушісін қорқытқанда, әйелінің қой дегеніне қарамастан, арам ойын іске асырған.

Оған қоса өзі мас халде болғандықтан, заңсыз айдап әкеткен көлікті соғып алғанын мойындаған. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК –нің 200-бабы және 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауда. Белгілі болғандай ұсталған азамат бұған дейінде, «Тонау» қылмысымен сотты болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде бұзақыға тап болып, көлігінен ойда-жоқта
айырылған тұрғын күдіктіні ұстаған полицейлердің қырағылықтарына тәнті болып, рахметін айтты. Өз істерінің нағыз мамандарына алғысын жаудырды. Түркістан облысы полицейлері азаматтарды қашанда сақ болуға, өзіңізге жақын таныс емес азаматтармен абайлап қарым-қатынас жасауға шақырады. Осындай оқыс жағдайға тап болсаңыз немесе куәгері болсаңыз, шұғыл полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі