Шымкентте кілем шығаратын фабрика өз жұмысын бастады. Салтанатты түрде тұсауы әлі ресми кесілмесе де саланың жауаптысы, облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев осы күннің өзінде әлеуметтік желілердегі жеке парақшасына фабрикадан шығатын өнімнің фотоларын салып үлгерді.
«Жақсыны көрмекке деген». Жақсыны көріп, көңіліміз марқайып қалды. Шенеуніктің жазуынша, кілем фабрикасы «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан. Өндіріс орны толық қуатында келесі жылдан бастап жұмыс істей бастайтын көрінеді. Дәл сол кезде елміздегі кілем сатып алушыларының 50 пайызын Отандық өнім қамтамасыз етеді екен.
Фабриканың салтанатты ашылуы жақында Елбасымен өткізілетін телекөпір арқылы ұйымдастырылмақ.