Тараз өлкесінің өңіріміздегі мәдени күндері қорытындыланды

405
Мың бұрала халық билерін орындаған өнерпаздар

Шырайлы шаһарымызда  қарашаның 18-нен бастау алған Тараз өлкесінің мәдени күндері бір аптаға жалғасты. Оңтүстік өнер сүйер қауымы құрышын қандыра тараздықтардың  концертін тамашалады.  2000 жылдық тарихы бар Тараз өлкесінің  «Тараз-ғасырлар куәсі» атты этонграфиялық көрмесі көпшілікті тамсандырды.

Көненің көзіндей балбал тастар, көшпенді халқының Тараз өңіріндегі тұрмыс-тіршілігін сыр шертетін инстоляциялар, шеберлердің шеберханасы, күні кешеге дейінгі ұлт батыры атанған Б.Момышұлының тұрмыстық отрибуттары мұның барлығы көрерменге Тараз келбетін толық көруге мүмкіндік алды.

Мың бұрала халық билерін орындаған өнерпаздар
Мың бұрала халық билерін орындаған өнерпаздар

Тараздықтар тіпті кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді де цирк өнерімен тамсандырып, қуанышқа бөледі. Ал сөз маржаннан өрнек өрген  ақындардың шығармашылығы да талқыланып, насихатталды.

Бір апта бойы өздерінің мәдениетімен сусындатқан Тараздықтар мерекелік шараны облыстық опера және балет театрында гала концертімен қортындыланды.

Айнұр Тұрсынбаева
Айнұр Тұрсынбаева

Мәдени кеш шымылдығын еліміздің белді ақыны, тараздық Айгүл Тұрсынбаева түрді. Айтыскер өлкемізге деген құрметін, рухани-мәдени құндылықтарды толғауымен шашу шашты. Ал қыпша белді, мың бұралған бишілердің өрнекті қозғалысы көпшілік көңілінен шықты.

Өлкенің мәдени құндылығын арқалап, оны насихаттау жоғары кәсібилікпен жауапкершілікті талап етеді дейді әнші Сәуле Жанпейісова. «Елбасының тапсырмасын орындауда өз өнеріңмен қоса өнерпаздарды алып жүру, бұл ең алдымен-отанға деген сүйіспеншілікпен, патриоттықты талап етеді»,-дейді журналистерге берген сұқбатында.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=37wd6xS6CVc[/youtube]

Тарихы тоғысқан аймақтардың мәдени күндері, ел тұтастығын арттырудағы негізгі көрінісі. Бұл мереке аясында өңіріміз бен Тараз мәдени ошақтары арасында келер жылға бірқатар шаралар жоспарланды.