Бір өңірлерде судың тарифі өссе, бірінде арзандаған

137

Ел аумағында  судың тарифі текше метріне 71 теңгеге өсті.

 

Былтыр қазан айымен салыстырғанда баға 4 пайызға жуық көтерілген.

Статистика бюросының хабарлауынша, Өскемен мен Оралда керісінше 21 пайызға  арзандаған. Таразда судың текше метрі 70 теңгеге жуық.

Елорда мен Семейде 15 пайызға қымбаттаған. Ақтаулықтар судың текше метріне 223 теңге төлейді. Жақында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов суды тұтынуға сараланған тариф енгізуді ұсынған. Яғни, су ресурсын ұтымды пайдалану үшін халыққа жеткілікті мөлшерді анықтап, тарифті өзгерту қажет дейді ол.

Шынар Оразова