Жаңа теміржол бағыты ашылды

Шымкент теміржол вокзалы

Осы айдан бастап Арыс пен Алматыны жалғайтын жаңа теміржол бағыты ашылды. Бұл тұрғындар үшін шынында да көптен күткен қуанышты жаңалық болды.

Шымкент теміржол вокзалы анықтама қызметінің тел.:  95-44-50
Шымкент теміржол вокзалы анықтама қызметінің тел.:
95-44-50

Мамандардың айтуыныша, жаңа бағыт ашу жолаушылар пойызда­рында қыз­метті жақсарту мақсатында жүзеге асырылып отыр.  Айта кетейік, № 61/62-ші «Алматы-Арыс» жүйрік пойызы 12 бағыт бойынша қатынайды. Алматыдан жұма күні, Арыс қаласынан сенбі сайын, аптасына 1 рет жолға шығатын пойыз құрамында 10 вагон, 5 купе, 5 плацкарт бар. Жолаушылар ағымының деңгейіне қарай Отар, Шу, Жамбыл, Түлкібас, Шымкент станцияларында қосымша вагондар қосылатын болады.

48-021

Пойыздардың жүру кестесінің күзгі уақытқа ауысуына байланысты теміржол вокзалында үнемі түсініспеушілік орын алып жатады. Пойыздан қалып қойған жолаушылар жиілейді. Осы ретте өз оқырмандарымызға Шымкент теміржол вокзалы арқылы өтетін пойыздардың жүру кестесін ұсынуды  жөн көріп отырмыз.

48-023

Ескерту:  кестедегі сағат Астана уақытымен беріліп отыр.