Úı ANONS Теміржолда 3 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты

Теміржолда 3 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты

Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Осыған орай құқық қорғау органдары мен сала мамандары бірлесіп, теміржолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына, теміржол қызметкерлеріне және жол бойымен қатынайтын жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Қарасора – 2026» республикалық  жедел-профилактикалық іс-шарасы Шымкентте басталды. Жауапты мамандар маусым мен қазан айлары аралығында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жаппай жүргізуде. Оның мақсаты, жабайы және қолдан өсірілген қарасораны анықтап, жою, есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына тосқауыл қою, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту дейді жауаптылар.

 

ЕРКЕБҰЛАН ЖОЛТАБАРОВ, ЖЕДЕЛ УӘКІЛ: «Осыған орай қазір өтпелі  өткен әрбір автокөліктерге, теміржолға жақын орналасқан елдімекендерге, теміржол тұрғындарына есірткі қылмыстары бойынша, зияны бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді».

 

«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының басты кепілі. Мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, іс-шара барысында мамандар, теміржол қауіпсіздігі ережелерін сақтау адам өмірін сақтаудың басты кепілі екенін еске салды.

 

«Темір жол өтпесіне келген кезде  арнайы ережелерге, біздің белгілерге  темір жол кезекшілеріне қарауды сұраймыз. Мына жадынамамен таныссаңыздар болады».

 

Осылайша, теміржолшылар тұрғындарды теміржол өткелдерінен өту кезінде барынша сақ болуға шақырды. Өйткені, жол көлік ережелеріне салғырттық таныту қайғылы жағдайға душар етеді деп отыр.

 

ЖОМАРТ МЫРЗАБЕКОВ, «ШЫМКЕНТ МАГИСТРАЛЬДЫҚ ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Теміржол ешқашан қателікті кешірмейді. Пойыздың тоқтау қашықтығы өте ұзақ екенін ескерген жөн. Бір сәттік асығыстық орны толмас оқиғаға әкелуі мүмкін. Сіздерден сұранатынымыз, теміржол өткелдерінде өту кезінде. Жол қозғалысы кезінде ережелерді сақтауға, бағдаршамның белгі беру түстеріне өтуге шақырамыз».

 

 

Айта кетейік,теміржолдағы қауіпсіздік мәселесі әлі де өзекті күйінде қала бермек. Мәселен, жыл басынан бері Қазақстан темір жолы желісінде 6 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатын алған.

Нұргүл Жолымбетова