Өңірімізде дін мамандары жетіспейді

Дін басқармасының басшысы Бақ өкілдеріне есеп берді

 Таяуда облыстық дін істері басқармасының басшысы Батырбек Жалмырзаев бір жылда атқарған жұмыстары жөнінде БАҚ өкілдеріне есеп берді. Осы салаға биыл бюджеттен 79 миллион теңге қаржы аударылыпты. Осы мақсатта өзге дінді насихаттап жүрген 384 тұлғамен жеке кездесу ұйымдастырылып, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында шаралар атқарылған.

Дін басқармасының басшысы Бақ өкілдеріне есеп берді
Дін басқармасының басшысы

Сондай-ақ, сала басшысы өңірімізідң шет аудандарында арнайы білімі бар мүфтият мүшелері жетіспейтініне тоқталды. Сондықтан қазір шетелде оқып жүрген 100 студенттің 12-ін аймақтарға тарту көзделген.

Батырбек Жалмұрзаев, ОҚО дін істері басқармасының басшысы: «Облыс әкімінің  бекітуімен дінтану негіздері пәнімен мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған іс-шаралар қолға алына бастады. 2012-2013 жылдары Шымкент медресесінде бюджет қаржысынан  қаржы бөлініп, онда шәкірттер біліктілігін арттырды.»

Сала басшысы бір ғана Атырауда 34 мешіт бар болса, Шымкентте 764 мешіттің бар екенін алға тартты. Сондықтан да өңірде маманның жетіспеушілігі орынды көрінеді. Сонымен қоса Батырбек Жалмұрзаев теріс пиғылды адамдардан жамағатты қорғау үшін мешіттерде оқылып жатқан уағыздарды қадағалап тұратынын айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bJ0-bVgtgN0[/youtube]

Алайда шенеунік хиджаб киген қыздарды жартылай құптайтын айтты. Ол өз сөзінде ата-бабаларымыз етек-жеңін жабатын киім кигенін алға тартты. Оны араб үлгісімен шатастыруға болмайды. Заң тұрғысында діни бұйымдарды әкелуге тосқауыл қойылған. Алайда қазір оқу орындарында жартылай жалаңаш киім киетін қыздарға тыйым салатын заңның жоғы қынжылтады деді.