Мыңнан аса мектебі бар Оңтүстікте – 3 дінтанушы

235
Дін мәселесі талқыланған алқалы жиын

Облыс әкімдігінде билік пен діни бірлестіктердің өзара байланысы талқыға түсті. Кеңеске қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Алқалы жиында еліміздің басты проблемаларының біріне айналған дін саласының өңірдегі жұмыстары жан-жақты талқыланды.

Дін мәселесі талқыланған алқалы жиын

Жиында бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі – дін мен теріс ағымдардан келер қатер сөз болды. Бірақ, алқалы кеңеске келгеннің кейбірін бұл мәселе қызықтырмайтын секілді.

Жиында құр отырмауды көрген шенеунік
Жиында құр отырмауды жөн санағандар да болды

Алғаш болып сөз алған дін істері жөніндегі басқарма басшысы атқарған жұмыстарды баяндады. Ол өз сөзінде мектеп бағдарламасына енгізілген дінтану негіздері пәні де айтылды. Анық болғаны, мыңнан астам мектебі бар оңтүстікте 3-ақ дінтанушы маманы бар екен.

Батырбек Жалмұрзаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы: «Дінтанушы саусақпен санарлық. Ал енді осы мәселені шешу жолы мамандар болған кезде шешеміз деп күтіп отыратын жағдай емес, осы бар маман мен тарихшылар күш салуы керек. Солардың өзі дін саласына қатысты.»

Жылдар бойы ізденіспен келетін мұндай ілімді аз ғана уақытта игеру – оңай шаруа емес. Дін істері басқармасы басшысының бұл бағыттағы жұмыстарына әкім орынбасары өз ойын да білдірді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-ol-2iEZUlw[/youtube]

Берік Оспанов, облыс әкімінің орынбасары: «Жеткілікті деңгейде оқытылып жатыр деп менің көзім жетіп отырған жоқ. Өздеріңіз де осы ойдасыздар шығар деп ойлаймын.»

Соңғы кездері діни экстремизм мен түрлі ағымдар қоғамның өзекті түйткіліне айналып отыр. Әсіресе санасы солқылдақ жастардың солардың жетегінде кетуін болдырмау жиі айтылып жүр. Алайда, оларға діннің не екенін ұғындыратын маман тапшы. Ал ол пәнді тарихшыға тапсырып, «дінді бұзып» алу да әбден мүмкін.