Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Жыл бойы атқарылған жұмыстарға есеп берген облыс басшысы Шымкенттің таяу жылдарда алып мегаполиске айналатынын жеткізді. Оның айғағы ретінде қазіргі таңда шаһардың орталығынан салынып жатқан көлемі 363 гектарды алып жатқан 5 нысаннан тұратын әкімшілік-іскерлік орталықты алға тартты.
Баспасөз отырысында Мырзахметов әлеуметтік саланы да ұмыт қалдырған жоқ. 2013 жылы 665 ауыл тазасумен қамтылса, 28 елдімекенге жыл соңына дейін көгілдір отын жеткізілмек. Суармалы алқапта 145 мың гектар жер қосылған. Денсаулық саласында да жетістік жетерлік. Осы жылы 11 науқасқа бүйрек отасы жасалыпты. Ал келер жылы өңірімізде кәсіпкерлер мектебі мен Түркістан қаласында қажылық кешені ашылады деді Асқар Исабекұлы. Жалпы, бір жарым сағат бойы өткен конференцияда Асқар Исабекұлы журналистер тарапынан қойылған 50-ден астам сұраққа жауап берді