Бас шыршаның шамы жағылды

Бас шыршаның шамы жағылды

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WQHNPb2UxG8[/youtube]

Шымкенттің орталық алаңда мыңдаған шырағы бар бас шыршаның жарығы жанды. Оны қала әкімі сиқырлы таяқшамен жандырып, тұрғындарға жаңа жылдың лебін сездірді. Сондай-ақ, бұл кешке  250 жұп Аяз ата мен Ақшақар қатысты. Оған қоса маскарад киімін киген 100-ден аса адам жаңа жыл әндерін орындап, жамағатқа қуаныш сыйлады. Айта өтейік, шыршаны орнатуға биыл қаражат жұмсалмапты. Қаржыны үнемдеген басшылар былтырғы шыршаны қанағат тұтқан.

қала әкімі тұрғындарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады
Қала әкімі тұрғындарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады

Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Биылғы жылдың бір ерекшелігі – 500 адам Аяз ата мен Ақшақардың киімін киді. Олар қала тұрғындарына жаңа жылдың қуанышын сездіру мақсатында шеруді Кең баба саябағынан бастап, орталық Әл Фараби алаңындағы бас шыршаға дейін әндетіп келді. Көшеден өтіп бара жатқан әрбір адамның жүзінен күлкі көрудің өзі біз үшін қымбат.»

Аяз аталар би билеуде
Аяз аталар би билеуде

DSC_0267

 

Салтанатты шараға тұрғындар мол жиналды
Салтанатты шараға тұрғындар мол жиналды

DSC_0234

DSC_0235

DSC_0238

 

Бас шыршаның шамы жағылды
Бас шыршаның шамы жағылды