Úı ANONS Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

фото Отырар.кз

 

Шымкентте жаңа жыл қарсаңындағы ең маңызды мерекелік шаралардың бірі – қаланың басты шыршасының шамын жағу салтанаты өтті.

Қала тұрғындары мен қонақтары асыға күткен бұл ерекше сәтке мыңдаған адам жиналып, мерекелік көңіл күйге бөленді.

Әсем безендірілген алаңда ұйымдастырылған шара барысында өнерпаздар концерт қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал мерекелік рәсімнің ең әсерлі сәттерін тілшіміз арнайы барып тамашалады.

Толығырақ – ертең «Отырар» телеарнасындағы кешкі жаңалықтарда айтамыз.