Шымкенттің джиткундошылары халықаралық жарыстан жүлделі оралды. Спортшыларымыз 9 алтын медальді еншілеп отыр. Өзбекстанның Гүлстан қаласында өткен Әмір Темірдің кубогінде татами иелерінен бөлек Қазақстан мен Қырғыстаннан 300-ден аса спортшы келді.



Облыс қоржынына алғашқы атынды 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 15 жасар Альбухаир Ирисметов салды. Оның айтуынша, татамиде 4 кездесу өткізіп, ақтық сыңда Өзбекстандық спортшыны ұрып,талдырыпты.

8 жасар Нұрсұлтан Махмуд халықаралық турнирде ең жеңіл 25 келі салмақта өнер көрсетті. Ол татамиде 3 кездесу өткізіп, өзінің алғашқы алтынын иеленді.


Жаңа жылдық мерекеден соң джеткундошылар қаңтар айында Шымкентте өтетін Қазақстан ашық чемионатында бақтары мен баптарын сынайды.