Горный елді мекеніне ауызсу берілді

252
Горный елді мекеніне ауызсу берілді

Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық окруігінің Горный елді мекеніне ауызсу берілді. Жылдар бойы тіршілік көзін өз ауылдарынан тұтынуыға зәру болып келген ағайынға, тазасудың құбыры енді есік алдына кіргізіліпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GcifXuEqfjU[/youtube]

Шарапаты мол шара «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Бұл үшін облыстық бюджеттен 255 миллион теңге қаржы қаралып, жоба өз уақытында аяқталған. Өткен жылы желтоқсанда қолға алынған жұмыс Президент күні қарсаңында тәмамдалып, ауылдағы барлық 1119 отбасын қуанышқа бөленіп отыр.

Горный елді мекеніне ауызсу берілді
Горный елді мекеніне ауызсу берілді

Әбдібақыт Мақұлбаев, Сарыағаш ауданының әкімі: «Міне, бүгін қуанышты күн. Көптен күткен осы ауылдағы ауызсу мәселесі шешілді. Сондықтан тұрғындардың игілігі үшін жасап отырмыз. Бұл ғана емес, өзге де 88 ауылға әлі ауызсу беру жолында жұмыс жасамақпыз».

Айта кетейік, бүгінде Сарыағаш ауданында 154 елдімекен бар болса, оның әзірге 58-і ғана таза ауызсумен қамтылған. Және 8 ауыл экологиялық тиімсіздер қатарына енеді екен.