Қазығұрт ауылының Қарабау ауылында көмір тотығына уланып, облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына жеткізілген жасөспірімдердің бірі бүгін көзін ашып, есін жиған. Алайда, екіншісі әліге дейін ес-түссіз жатыр.

 Ал күні кеше өз-өзіне келген балалардың әкесін жансақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырып жатырмыз деп хабарлады орталық дәрігерлері. Естеріңізге сала кетейік, жексенбіде Қазығұрттық бүтін бір отбасы өз үйінде көмір қышқыл газына иістеніп, салдарынан жанұяның 4 мүшесі көз жұмған болатын