Шымкенттегі «Жайлау» шағынауданындағы тағы бір көшеге ат берілді. Көше бұдан былай Мырзахмет Махамбетұлының атымен аталады. Осы көшені Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне атауды облыстық мәслихаттың депутаттары осыдан 10 жыл бұрын шешкен. Бірақ, көшеге коммуналдық қызметтерді жеткізу мәселесі біраз уақытқа созылыпты. Жақында жолға асфальт төсеткен ардагердің ұл-қыздары қазіргі уақытта тұрғындар үшін газ, жарық, ауызсу да жеткізген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hgfckfbQwPg[/youtube]
Айтулы шарада қызыл таспаны кесу құрметі қызылордалық қонақ Баянбай Сыздықовқа бұйырды. Елді қорғаған ардагердің перзенттері көше қарияларына сый-сыяпат жасады. Тіпті, тазалықты сақтаған ағайынға тұрмыстық техникаларды да тарту етті.