Тағы бір гемодиализ орталығы ашылды

Бір мезетте 15 адам ем қабылдай алады
Бір мезетте 15 адам ем қабылдай алады

Шымкент қаласында тағы бір гемодиализ жасау орталығы ашылды. Бұл орталықтың бүйрек ауруына ұшыраған науқастар үшін орны ерекше. Жыл сайын осы дертке шалдыққандар саны артып отырғанын ескерсек, аталған орталықтың науқастар үшін қолайлы болары сөзсіз.

Бір мезетте 15 адам ем қабылдай алады
Мұнда бір мезетте 15 адам ем қабылдай алады

Досалы Амангелдиев, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «ОҚО бойынша қазір 240-қа жуық осындай жеке орталық бар. Шымкент қаласынан тағы бір орталық ашылды. Қазір қызмет көрсету сапасын бағалап отырмыз. Әрине, қуанарлық жағдай.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZwmmT4tEkNM[/youtube]

«Қазақстанда гемодиализ бағдарламасы бойынша науқастардың өмір сүу жасы әзірге 7-10 жылға ұзарады. Европа мен басқа да дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-20 жылға жеткен. Германиядан әкелінген соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың көмегімен сол деңгейге жетеміз» деп сендіреді орталық басшысы.

Жаңа емдеу орны әзірге 15 науқасты күндізгі стационарда қабылдауға дайын. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау жағы да қарастырылып қойылған.