Бүйрек жетіспеушілігі асқынып тұр

394
бүйрек дерті отаға алып келеді

2-сәуірде бүкіл әлем бүйрек күнін атап өтеді. Осылайша бүйрек ауруының белең алып бара жатқанынына қоғам назарын аударғысы келетін дәрігерлер бұл дерттің бірнеше себебін анықтап отыр. Қант диабетінен және жоғары қан қысымынан зардап шеккен науқастар бүйрек транспланциясының кезегін толықтыруға мәжбүр.

бүйрек дерті отаға алып келеді
бүйрек дерті отаға алып келеді

Қос бүйректі теңдей бөліскен Әміровтерге осыдан бір ай бұрын трансплантациялық ота жасалды. Жаңаша операцияны жергілікті дәрігерлер кәріс мамандардың көмегімен іске асырды. Науқастардың отадан кейінгі жағдайы жаман емес. Әйтсе де бауырлар дәрігерлер бақылауында тұрады.

Бүгінде облыста әртүрлі бүйрек ауруымен ауыратын 300 адам кезеке тұр. Донор табылса, дәрігерлер жасанды бүйрекпен жүрген жандарға көмек қолын созуға дайын. Тың тәсілді меңгерген абзал жандар операцияның осындай түрін бүгінге дейін 19 науқасқа жасады. Қос бүйрегі бірдей істен шыққандарды мамандар гемодиализ аппаратына қосады.

Бүйрек қызметін толықтай атқармаса да бұл аппаратпен отаға дейін өмір сүруге болады дейді мамандар. Дегенмен, сырқат жанға арнайы диета нұсқалады. Себебі, бүйрек ағзада зәр шығару қызметін атқаратын болғандықтан, науқас, ең алдымен, көп сұйық ішуден шектеледі. Отадан кейін өмірге жаңа келгендей сезінетін олар ең алдымен осы гемодиализден құтылғанша асығады.

Сала мамандары трансплантацияны дамытуға отандық медицинаның қауқарлы екенін айтады. Шетелдік мамандардан сабақ алған жергілікті ақ халаттылар кез келген шұғыл, жоспарлы отаны іске асыруға дайын. Алдағы уақытта басқа да органды алмастыру операцияларын қолға аламыз деп білек сыбанып отыр.