Шымкентте ақпараттық жүйемен жұмыс жасайтын медициналық зертхана іске қосылды. Облыстық диагностика орталығы ішінен ашылған зертхананың күніне 5000-ға дейін талдау қабылдауға мүмкіндігі бар.
Әлемдік желіге сай автоматтандырылған жүйемен жабдықталған зерттеу орнында барлық жұмысты арнайы қондырғылар атқарады. Сондықтанда қарапайым анализдер 3 минут ішінде дайын болса, ең күрделісінің өзі жарты сағатта белгілі болады. Тағы бір айта кетерлігі, емделуші анализ қорытындысын өз электрондық поштасынан немесе жергілікті емханадан біле алады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OASG7RWvWgI[/youtube]
Бакира Қосбармақова, зертхана меңгерушісі: «Бұл зертхана қазіргі заманның барлық талаптарына сай. Біздің Оңтүстікте алғаш рет ашылып отыр. Зертханалық-ақпараттық жүйенің ең бірінші тиімділігі — халыққа тегін қызмет көрсету. Сонымен қатар жұмыстар жылдам әрі тез атқарылады.»