Кәсіпкерді өлтіріп, үйін тонағандар сотталды

175
Айыпталушылар

Шымкентте кәсіпкер Камал Ариповтың өліміне қатысты атышулы іске сотта нүкте қойылды. Бұл істі үш айдан бері облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот қараған. Естеріңізге саламыз, құрылыс материалдарын сатумен айналысатын кәсіпкердің отбасына түн ішінде бір топ қарақшылар баса-көктеп кіріп, үйдегілердің бәрін қырып салмақ болған. Балға, балта және темір заттармен қаруланған қарақшылар алдынан шыққанның бәрін сабай берген. Қатты соққыдан 50 жастағы кәсіпкер мен оның 17 жасар ұлы мерт болды. Ал ауыр жарақат алған кәсіпкердің жұбайы мен қызы аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді.

Айыпталушылар
Айыпталушылар

Сот 6 адамнан құралған қарақшылар тобын қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп таныды. Айта кетейік, ұсталғандардың бірі бұрын да сотты болған екен. Келтірілген материалдық шығының үштен бір бөлігі ғана иесіне қайтарылыпты.

Марқұмның туыстары
Марқұмның туыстары

Айыпталушы орындығында отырғандардың 4-еуі 15 жылға кесілсе, екеуіне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал қылмыстық топты ұйымдастырған азамат 15 жылға сотты болды. Жәбірленушілер, әсіресе, үкімнің соңғы бөлігіне наразы боп қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JrjPeGd4bvU[/youtube]