Маман даярлауда дуальдық жүйенің орны бөлек

416
болашақ мамандардың практикалық жұмысы

Соңғы екі-үш жылда техникалық және кәсіптік мамандарды даярлауға көптеп көңіл бөлінуде. Бұл дегеніңіз, өндіріске қажетті кадрларға сұраныстың артып отырғанының дәлелі. Ал маман даярлауда оқытудың дуальдық жүйесі ерекше маңызға ие деседі. Дамыған елдерде қалыптасқан бұл жүйе біздің өңірде қалай жүзеге асып жатыр? Сұрақтың жауабын арнайы саралап көрдік.

теория мен практиканың ұштасқан түсі
теория мен практиканың ұштасқан түсі

Оңтүстікте дуальды жүйеден сынақ ретінде өтетін оқу орнының бірі — көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі. Екі жылдан ос ыоқу орнында бері оқытудың дуальдық жүйесінің эленменті ретінде арнайы жабдықталған кабинеттер ашылып, теория мен тәжірибе ұштастырып келеді. Бұл жаңа жүйені студенттер бірден қолдай кетті. 

Дуальды оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі — оқу орындары басшыларының өздеріне әлеуметтік серіктес табуы. Яғни, оқушылар тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісім-шартқа отыруы тиіс. Осы тұста әлеуметтік әріптестік жасау оңайға соқпай отыр. Кездесетін қиындықтар шаш етектен дейді колледж басшысы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4MJfq3XX6rg[/youtube]

Гүлзат Искақова, Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры: «Кездесетін қиындықтар — тәжірибенің өз деңгейінде жүзеге аспауында. Себебі нарықтық экономика кезеңіне байланысты өндіріс орындарының барлығы жекенің қолында. Жекеменшік болғандықтан, ол кісілер біздің практикаға баратын балаларымызды толық деңгейде оқыта алмайды. Көбінесе өндіріс орындарына кіргізе бермейді.»

болашақ мамандардың практикалық жұмысы
Болашақ мамандардың практикалық жұмысы

Бұл орайда облыстық білім басқармасы қол қусырып отырған жоқ. Мұндағы мамандар келіссөздер жүргізіп, кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, жұмыс бастапты.

Рахиа Асанова, ОҚО білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар дайындау бөлімінің бастығы: «Мамандар даярлауда кәсіпорындар базасында практикадан өткізуге орындар қамтамасыз етуге міндеттеуді, сол практикадан өткен кезде бітірушілердің кемінде 30 пайызын жұмысқа қабылдауды осы кәсіпкерлік туралы заңға міндеттеу туралы ұсыныстар енгізіп жатырмыз.»

Елбасының Жолдауында алдағы 2-3 жылда дуальді-техникалық кәсіби білім берудегі ұлттық жүйенің өзегін қалыптастыру тапсырылды. Үстіміздегі жылдың 1-маусымына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізілуі тиіс. Ал әзірге оқытудың дуальды элементтері енгізілген оқу орындары жоқтан барды жасай тұруға мәжбүр.