Студенттер «Риксос» қонақ үйінде тәжірибеден өтуде

360
шетелдік мамандар қонақжайлықтың қыр-сырын үйретуде

Шымкенттік студенттер элиталы қонақ үйде дуальды жүйе бойынша іс-тәжірибеден өтуде. Солардың бірі – болашақ аспаз-даяшы Ажар Аштан.

шетелдік мамандар қонақжайлықтың қыр-сырын үйретуде
шетелдік мамандар қонақжайлықтың қыр-сырын үйретуде

Ажар Шымкенттегі «Риксос» қонақ үйінде тәжірибеден өтуде. Ол шетелдік мамандардан қонақжайлылықтың әлемдік дәстүрін үйреніп жүр. Мүмкіндікті пайдаланып, қонақ күту үрдісінің қыр-сырын кеңінен меңгеріп қалуға тырысып баққан аруға ағылшын тілін үйренуге тура келген.Ол осылайша теориялық дәрістен білген-түйгенін тәжирібемен ұштастыруда.

Қонақжайлылық индустриясы ілгері елдерден келген мамандардың сөзіне қарағанда, даяшылықты меңгеруге үш жыл уақыт қажет екен. Ал отандық білім беру жүйесіне жаңадан енгізілген дуальды оқыту жүйесінің ерекшелігі – тәжірибеге мән беру. Түпкі мақсаты жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған бағдарлама негізінде қазір мұнда елуге жуық студент тәжірибеден өтуде. Облыста бүгінде осы жүйе бойынша 9 салада тәжірибе алмасу жұмыстары қолға алынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SqqmB2p6qJw[/youtube]

Болашақ даяшы, аспаз, бармендер Түркия, Италия, Германия, Ресей елдерінен келген мамандардан қызмет көрсетудің озық үлгісін үйреніп жүр. Айта кетейік, алдағы уақытта дуальды оқыту жүйесі бойына тәжірибе жұмыстарына басқа да білім ошақтарының студенттері тартылатын болады. Жаңа жүйе болашақ мамандардың еңбекке ерте араласып, екі қолға бір күрек табуына сеп болады дейді мамандар.