Мастар Шымкентке «түсіп» қалуда

Әуе кемесіндегі бір жолаушы мас болып, жұрттың мазасын алыпты
Әуе кемесіндегі бір жолаушы  мас болып, жұрттың мазасын алыпты
Әуе кемесіндегі бір жолаушы мас болып, жұрттың мазасын алыпты

Кешегі аптада Шымкент әуежайында Дубайға бет алған ресейлік «Боинг-737» ұшағы жоспардан тыс қонуға мәжбүр болған. Себебі, әуе кемесіндегі бір жолаушы  мас болып, жұрттың мазасын алыпты. Көпшілікке  балағат сөздер айтып, тыныштығын бұзған. Әрі ескертулерге де құлақ аспапты. Болмаған соң экипаж командирі  Шымкент әуежайынан қонуға рұқсат сұрап, ішімдік ішкен азаматты түсіріп кеткені белгілі болды. Жергілікті желілік ішкі істер басқармасы қызметкерлері болса, бұзақы жолаушыны  күтіп алып, заңға сәйкес, әкімшілік сотқа жеткізіп, айыппұл төлеуге мәжбүрлепті. Шымкент стансасындағы ІІЖБ әкімшілік полиция бөлімінің инструкторы Нұрлыбек Райсовтың сөзіне сенсек, Ресей азаматына 5 айлық есептік көрсеткішке, яғни 8655 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол айыппұлды төлегеннен кейін өз еліне қайтарылыпты. Бірақ, бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Жаңа жыл қарсаңында да дәл осындай жағдай болып, ресейлік әуе кемесі Шымкентке қонуды өтінген. Ол кезде де ұшақтағы мас жолаушыны Шымкентке «түсіріп» кеткен. Мастар «түсіп қала» беретін болды ғой, бізге…