Мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді

570
Оқырмандар

«Мемлекеттік тіл бірлігімізді нығайтады.» Жоғарғы оқу орнының студенті Ақбөпе Қалдыбаеваның жазған баяндамасының мазмұны осы ойды көкседі. Ал қалалық Абай кітапханасының оқырмандары еңбекке құлақ қойып, тәнті болып тыңдады. 19 жастағы бойжеткен қазақ тілінің өркендеуі үшін мұнымен шектелмейтінін айтады, осылайша өздігінше қоғамға үлесін қоспақ.

Оқырмандар

Ақбөпе Қалдыбаева, студент: «Мен мемлекеттік тілді жетік біліп, сөздің тереңін ұғыну үшін әдеби және тарихи кітаптарды көп оқимын. Жаттаулар жаттаймын. Және іні-сіңлілеріме, университтеттегі достарыма да түрлі әдеби кітаптарды тарту еттім. Түсінбеген тұстарын өзім ұқтырудан жалықпаймын. Сондықтан ЖОО-да қазақ тілі мен әдебиеті мамандағын меңгеріп жатырмын. Болашақта шәкірттеріме мемлекеттік тілді үйреткім келеді.»

"Ой толқын" жастар бірлестігінің өкілдері
«Ой толқын» жастар бірлестігінің өкілдері

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін «Ой толқын» жастар бірлестігі қоғамық мәселелерді де қаузады. Айтуларынша, көшедегі жарнама қағаздары мен қоғамдық көліктердегі жолақы жинаушының да қазақ тілінде сөйлегені дұрыс. Айтулы мәселе қоғамдық орындар арқылы шешімін таппақ. Ал жиналған жастар мемлекеттік тілдің мерейі асқақ болуы үшін күресетіндерін айтады.

Шыңғыс Ілиясов, «Ойтолқын» жастар бірлестігінің мүшесі: «Бүгінде дүниежүзі бойынша 6000-нан аса тіл бар болса, біздің қазақ тілі солардың арасында 70-ші орында келеді. Бұл да болса мемлекеттік тілдің мәртебесінің жоғары екенін білдіреді. Тағы да анық қолданыстағы тілдер арасында қазақ тілі 10-шы орында. Бұл да мақтаныш! Күнделікті тұрмыста тілді дұрыс қолдану арқылы да біз мемлекеттік тілдің дамыта аламыз деп ойлаймын.»

Шыңғыс Ілясов
Шыңғыс Ілясов

Дәне Мұрат, №1 қазақ-түрік дарынды ер балаларға арналған мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: «Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді жоғары қолданысқа енгізу үшін балабақша, мектеп қабырғасында, қала берді, ЖОО-дарында түрлі олимпиадалық жарыстар ұйымдастырған дұрыс.»

Осылайша «Ой толқын» жастар клубының белсенділері мемлекеттік тілдің мерейін асыру үшін жоспар түзді. Бірі өзге ұлт өкілдерінен құралған достарына қазақша сөздік кітаптарды сыйға тартатынын айтса, екіншісі жоғарғы оқу орындары арасында түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастыруға бекінді.