Шымкентте этнос жастары арасында байқау өтті

Шымкентте этнос жастары арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты қалалық байқау өтті. Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа мегаполистегі орта және жоғарғы оқу орындарынан 12 студент қатысты. 3 кезеңнен тұратын сайыс – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақ тілін жетік меңгерген Ирода Аманова Шымкентте өткен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауының 1 орын иегері атанды. Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенті отбасымен мемлекеттік тілді жақсы білетінін айтады. Қазақ авторларының шығармаларын сүйіп оқитын ару қалалық байқауға оқу ордасындағы ұстаздардың нұсқауымен қатыстым дейді.

Ирода Аманова, байқауға қатысушы: «Отбасымызда барлығымыз білеміз мемлекеттік тіл болғаннан кейін. Бірақ барлығымыз орысша оқығанбыз, дегенмен, мемлекеттік тілді білеміз, әрине. Бірінші сыныптан болады ғой қазақ тілі. Ондай көп дайындалған жоқпын, академиядағы мұғалімдер көмектесті. Идеялар берді».

Байқауға Шымкенттегі орта және жоғары оқу орындарынан іріктеліп алынған 12 студент қатысты. Сайысты өткізудегі басты мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту дейді ұйымдастырушылар. Сөздерінше, кейінгі уақытта өзге этнос өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгерген жастардың саны көбейген.

Гүлмира Жанысбекова, Шымкент қаласы тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры: «Негізгі мақсаты бүгінгі байқаудың – мемлекеттік тілдің пайдалану аясын кеңейту. Қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі қызметін нығайту болып табылады. Бүгінгі байқауымыз үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар бейнероликтарын ұсынды. Екінші – сұрақ-жауап кезеңі. Ал үшінші кезеңде «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазады. Оны әділ-қазы алқасы сараптап, бағасын береді».

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық байқауға қатысушылар өздерін таныстыру мақсатында қазақ тілінде 3 минуттық қысқаметражды фильм дайындап, ұсынды. Екінші кезеңде қатысушылар берілген тақырыпта ой толғап, соңғы кезеңде мемлекеттік тілде «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазды. Аса тартысты өткен жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне тұрмыстық техникалар сыйға берілді.

Мемлекет басшысы ҚазақстанхалқынаЖолдауында мемлекеттік тілдің мәртебесіне а»ырықша тоқталған болатын.  «Қазақ тілін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп екеледі. Бұл – заңды құбылыс. Өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі», – деген еді Тоқаев.