Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдан бастап жарықтың бағасы қымбаттады. Енді жеке тұлғалар төлемақыны 63 тиынға артық төлейді, сөйтіп әр электр жарығының кВт/сағаты 11 теңге 94 тиынды құрап отыр. Ал заңды тұлғалар үшін жаңа тарифпен жарық бағасы 18 теңге 91 тиынға тең болады. Бұл өзгеріс электр станцияларындағы жарық тарату қызметі құнының жоғарылауына байланысты деп түсіндіреді табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары. Үкімет қаулысына сәйкес бұл өзгеріс жыл соңына дейін осы күйінде қалмақ.
Гүлмира Жексембаева, табиғи монополияны реттеу басқармасының техникалық реттеу бөлімінің басшысы: «ТЭЦ-3, Шардара, Жамбыл, Екібастұз облыстарынан жарықты сатып аламыз. Олардың ішінде ең қымбаты Екібастұз қаласынан келіп отыр. Басқа облыс-қалаларға қарағанда былтырғы көрсеткіш бойынша Шымкенттегі тариф ең арзан болып саналған.»