Облыстық табиғи монополияны реттеу департаментінде – жаңа басшы

600

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Бақтияр Аталықов тағайындалды.

001

Бақтияр Исатайұлы 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1975 жылы Қазақ политехникалық институтын, 1990 жылы Ташкент жоғары партия мектебін, 2007 жылы Әулие ата университетін бітірген. Мамандығы – инженер-металлург, саясаттанушы, оқытушы, экономист.

Еңбек жолын 1975 жылы Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы болып бастаған. 1977 жылдан Шымкент қаласының Абай аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің бөлім басшысы, Шымкент облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Келес аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Келес ауданы әкімінің бірінші орынбасары, «Демеу», «Арна» ЖШС директоры болған.

Кейін Сарыағаш аудандық электр торабының бастығы, Шардара электр жүйелері кәсіпорнының директоры, Сарыағаш аудандық газ мекемесінің бастығы, Сарыағаш ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасары, Сарыағаш ауданы әкімініњ кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2009 жылдан Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бас сарапшысы, 2012 жылдың мамыр айынан бастап осы агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры болып еңбек еткен.