Оңтүстікте 20 мың теңгеге күн көруге бола ма?

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшері белгіленді. Биыл ол былтырғыдан мың теңгеге өскен. Дәлірек айтқанда, 1-қаңтардан бастап еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 мың 966 теңге болып бекітілді. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қол қойған. Бұл – 2014 жылдың І тоқсанына бекітілген көрсеткіш. Осылайша министрлік 20 мыңға жуық ақшаға аштан өлмеуге болады деп ойлайтын секілді. Айта кету керек, ең төменгі күнкөріс деңгейі арқылы зейнетақы, жәрдемақының орташа мөлшері анықталады.

19 мың 966 теңге. Жоғарыдан келген пәрмен бойынша бір адам бір айда осы ақшаны талғажау етіп, өлместің күнін кеше алады. Бірақ, қалай? Ол үшін мамандар жалпы шығынның 60 пайызы жұмсалатын азық-түлік себетін алға тартады. Құрамына 43 тағам кіретін «азық-түлік себетінде» ағзаға қажеттің бәрі бар екен. Тіпті, азық-түлік себетінде тұтынылатын тағамның салмағы мен құнына дейін көрсетілген.

«19 мың теңге күн көруге жете ме?» деген сұрағымызға Оңтүстіктің жұртшылығы миығынан мырс күле жауап берді. Бұл сұрақты естіген кейбір жерлестер, тіпті, ашуланды да. Өйткені, бұл ақшаға тоя тамақ ішу мүмкін емес дейді олар.

 Есімхан Баубеков, қала тұрғыны: «Ең төменгі күнкөріс деңгейі 50-60 мың теңгеден кем болмауы керек. Өйткені, үйдің жылуы, жарықтың бағасы бар. Одан бөлек күнделікті жолақысын қосыңыз. Ал 19 966 теңгеге не келеді? Тек шәй мен нанпалау ғана жеуге болады. Сүйек-саяқ сатып алып, сорпасын ішуге болады. Басқа амалын білмедім.»

Десе де базардағы нарық пен азық-түлік себетіндегі бағаны салыстырып көрелік (кестеде). Тізбелей шықсақ, бұл себетте бағасы 80 теңге деп көрсетілген бір бөлке нанның құны бізде 35 теңгені құрайды.Азық-түлік себетіКартоп, пияз бен макарон өнімдері, сондай-ақ, дақылдар бағасында да айырмашылық айтарлықтай. Тіпті, Шымкенттегі азық-түлік бағасы аса қымбат емес деуге болады. Өйткені, бұл бағалар Оңтүстіктегі ең арзан азық-түлік құны болып табылады. Былайша қарағанда, 19 966 теңгеге шалқып өмір сүріп, тіпті, тойға тарту апаруға болатындай.

Азық-түлік себеті

IMG_2483

Алайда, азық-түлік себетіне анықтап зер салсаңыз, ондағы тұтыну нормасы көңіліңізден шықпасы анық. Мәселен, ондағы есеп бойынша сіз айына 10 дана бөлке нан жей аласыз. Бұл – бір нанды үш күнге жеткізу керек деген сөз. Ет те сондай. Бір айда бір келіден артық сиыр етін тұтынуға болмайды. Бұған тоясыз ба, тоймайсыз ба, белгісіз.

Айтпақшы, күнделікті тамақтан бөлек коммуналды қызмет пен жолақысы да бар. Оның да құны күн санап шарықтап барады. Ай сайын 10-15 мың теңгені су мен электр жарығы үшін былай қойып жүрген шығарсыз. Көгілдір отынның қаржысын айтпай-ақ қояйын.

IMG_2487

IMG_2489

Міне, шығарған шығыныңыз азық-түлік себетіндегі көрсетілген есептен асып кеткен болар. Қызметтер түрі мен азық-түлігі республика бойынша арзан саналатын біздің өңір үшін нәтиже осындай болса, өзге облыстардағы жағдайды шамалай беруге де болатын шығар.

IMG_2491

IMG_2496

IMG_2500

IMG_2506

IMG_2508

IMG_2510

IMG_2513

IMG_2523