Оралмандар облыстық әкімдіктің алдына тағы да жиналды

Бір топ оралман қандастарымыз таяуда тағы да облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Талаптары да сол – 3 жыл бұрын көшіп келген оларға әкімдік тарапынан ешқандай көмек берілмепті. Әлі күнге дейін жалдамалы пәтерлерде күн көріп жатқанын айтып, ашуға булығады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын атажұртқа қоныс аударған қандастарымыз азаматтық алған соң мемлекеттен берілетін барлық жәрдемнен қағылған. Ал наразы топқа түсіндіру жұмысын жүргізу үшін арнайы шақыртылған жауапты мамандар қазір оралмандарға квота беру тоқтатылғанын айтты. Десе де түйткілді мәселені шешуге көмек беру үшін облыстық көші-қон бөліміне келуін сұранды.

Оралмандар облыстық әкімдіктің алдына тағы да жиналды

Нұржан Нұрашов, облыстық көші-қон бөлімінің басшысы: «Квотаны заң бекітеді. Ол 2011 жылы тоқтап қалған. Бірақ, ондағы барлық жеңілдіктер сақталады. Жер, үй, әлеуметтік көмек дегендей… Қазір жеке-жеке арыз бойынша қарайық, кімде қандай мәселе, бірден сол жерде жауап береміз.»