Шымкенттік конкуршы алтын медаль ұтып алды

353
Катяның мақсаты Әлемдік аренада топты жару

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hkghQz1QjEU[/youtube]

Шымкенттің конкуршылары халықаралық жарыстан оралды. Алматыда өткен байрақты додаға Оңтүстіктен бірнеше спортшы жол тартқан болатын. Жастар  құрамасы өзінен жасы жағынан да, тәжірибесі бойынша да үлкен болатын. Дегенмен, жерлестеріміз облыс қоржынына бір медаль сала білді.

Кедергіден секіру спортшымен астындағы атының бірлескен еңбегі
Кедергіден секіру спортшымен астындағы атының бірлескен еңбегі

«Гордый» атты сәйгүлігінде өнер көрсеткен  Шыңғыс Малікаждар үшін бұл кедергіден секіру аса қиын емес. Ол Алматыда өткен «Винтеркуб» халықаралық жарысында бұдан да биік кедергілерді бағындырған болатын. Нәтижесінде жерлесіміз чемпион атанды.

Шыңғыс Гордый атты сәйгүлігі   әлі талай белестерді бағындыратынына сенімді
Шыңғыс өзінің сәйгүлігі әлі талай белестерді бағындыратынына сенімді
Шыңғыс биылғы маусымның алғашқы алтын медалінің иесі
Шыңғыс биылғы маусымның алғашқы алтын медалінің иесі

Жастарды байрақты жарысқа бастап барған бапкер — Катя болатын. Жуырда ғана жаттықтырушылыққа көшкен бойжеткен шәкірттерінің жүлделі болатынына үміттенбеген де екен.

Катя әр бір шәкіртінің кедергіден секіруін бақылауда
Катя әр шәкіртінің кедергіден секіруін бақылауда
Кедергіден секіру спортшымен астындағы атының бірлескен еңбегі
Кедергіден секіру — спортшы мен атының бірлескен еңбегі

Соңғы екі жылда ұлттық спорт түрлері мектебінің ат қорасы ақалтеке сәйгүліктермен толыққан. Жерлестеріміздің конкурдан жүлделі бола бастағанының себебі де осында жатыр.

Балнұр Алматыдағы жарысқа қатысқан ең жас конкуршы болды
Балнұр — Алматыдағы жарысқа қатысқан ең жас конкуршы

Соңғы екі жылда конкур спортына бірнеше ақылтекті сәйгүлік сатып алынған

Көкшетаудың "Оқжетпес" аттарынан бастап, спорт ордасында ағылшын сәйгүліктеріне дейін бар
Спорт ордасында Көкшетаудың «Оқжетпес» аттарынан бастап, ағылшын сәйгүліктеріне дейін бар
"Алатау" сәйгүлігін жерлестеріміз жуырда ғана сатып алған
«Алатау» сәйгүлігін жерлестеріміз жуырда ғана сатып алған
Жүлделі болу үшін жеткіншектер осы манежде ерінбей тер төгеді
Жүлделі болу үшін жеткіншектер осы манежде ерінбей тер төгеді
Катяның мақсаты Әлемдік аренада топты жару
Катяның мақсаты — әлемдік аренада жетістікке жету

Осылайша биылғы маусым жақсы нәтижемен басталды. Ендігі мақсат — әр жарыстан жүлдемен оралу. Спортшылар да, олардың бапкерлері де осылай дейді. Оның үстіне конкур турнирлері көп те емес. Ендігі мақсат — ел чемпионатында жеңіске жету. Бүгінде жастар жаттығуларына қайта кіріскен.