Шымкентте алғаш рет фортепиано мен симфониялық оркестрдің концерті өтті

715
Фортепиано және симфониялық оркестр В.Моцарт шығарамсын орындады

Классикалық әуен. Облыстық опера және балет театрында алғаш рет фортепиано мен симфониялық оркестрдің орындауында концерт өтті. Шымкенттік өнерсүйер қауым үшін мұндай мүмкіндікті бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты, фортепианошы Айгүл Айғазиева сыйлады. Айта кету керек, кеш Айғазиеваның 50 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pLWirFd7zDQ[/youtube]

«Рояль әуені ғажап» атты шығармашылық концерт барысында 14 композиция орындалды. Кеште Моцарттан бастап, Ақан Сері, Біржан сал және Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Сезім» туындысы шырқалды.

Ерлан Жандарбай және театрдың хор ұжымы
Мерейтой иегері – Айгүл Айғазиева