Жаздың шуақты күндерімен бірге Сайрам ауданындағы «Ақсу» сауықтыру лагерінде балалар демалысының алғашқы маусымы ашылды. Енді табиғаты әсем, жасыл желекті лагерьде қала мектептерінің балалары демалысын ұмытылмастай өткізетін болады. Лагерьдің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GAj-Jg9tsTs[/youtube]
Шымкент қаласы бойынша биыл жазғы маусымда 33 355 бала демалады. Оның ішінде 23 469 бала – әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққандар.