Шымкентте кезекті жол апаты орын алды. Тәуке хан және Республика даңғылдарының қиылысқан тұсында ВАЗ автокөлігі жол апатына ұшыраған. Ресейлік көлік қоршауды қиратқан күйі субұрқаққа соғысқан.
Оқиға кешкі сағат 9-дар шамасында болған. Сол уақытта Қызғалдақ субұрқағы маңында адамдар көп жүрген. Абырой болғанда ешқайсысы жарақат алған жоқ. Ал көлік жүргізушісінің аяғы сынған. Мұны куәгерлер айтып отыр.
[youtube]www.youtube.com/watch?v=NqiC9RDF0GY[/youtube]
Бұл жігіттің айтуынша, ВАЗ көлігі Республика даңғылынан келген күйі жыладмдығын тоқтатпастан қоршауға соғысыпты. Темір қоршауды қиратқан күйі субұрқақтың текпешегіне соғысқан. Қатты соққыдан көліктің бөлшектері бірнеше метр жерге шашырап кеткен. Алдыңғы сол жақ дөңгелегі салонға қарай кіріп кеткен.
Абырой болғанда зуылдаған көліктің алдынан ешкім шықпаған. Қазір жол апатының себеп-салдарын жол-патрульдік полициясының қызметкерлері анықтап жатыр.