Металл құрылымдарын жасаумен айналысатын «Брыстроймонтаж» компаниясы таяуда бастырма өндірісін қолға алды. Ауылшаруашылығы саласында – қойма, тұрмыста – гараж, қоғамдық орындарда – спорт залдары ретінде қолданылатын ангарлардың бизнесін дамыту мақсатында компания жақында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінді.
Наталья Брысаева, мекеменің бухгалтері: «Қаңқасыз ангарлар өңіріміздегі көпшілікке етене таныс емес. Сондықтан, шағын кәсібімізді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіндік. Орталық бізге арнайы сарапшы маманын жіберіп, маркетинг жоспарын құрып берді. Соның нәтижесінде біз қазір жұмыс істеп жатырмыз. Кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық танытып жатқандар көп.»
Анора Ашурова, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бас менеджері: «Білесіз бе? Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы науқасқа ем жасайтын дәрігер сияқты. Өйткені, проблемаға тап болған кәсіпкер бізге келіп, шешіп беруімізді өтінеді. Ал біз оның бар мәселесінің түйінін тарқатамыз. Осындай үлкен сараптамалық жұмыстар мен көмектің нәтижесінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жарты жыл ішінде 12 мекемеге маркетинг жоспарын құрып берді.»
Орталық мамандары жыл соңына дейін мұндай қызмет түрлерінің саны бұдан да арта түсетініне сенімді. Сондықтан, бағыты кері кеткен кәсібіңізді дамыту қажет болса, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіңіз.