Кәсіпкерлікті дамытуға 1 триллион теңге бөлінді

Кәсіпкерліктің көсегесін көгерту үшін еліміздің Ұлттық қоры 1 триллион теңге бөлді. Республикадағы екінші деңгейлі 13 банк пен «Даму» қоры арқылы таратылатын несие 6 пайыздық мөлшерлеме сомасымен беріледі. Ал қарызды 10 жылдың ішінде қайтаруға болады. Іске асса, бұл жоба кәсіпкерлердің оң жамбасынан келгелі тұр.

Кәсіпкерлікті дамытуға 1 триллион теңге бөліндіНұрлан Құралов, кәсіпкер: «Банктер бір барғанда мә деп бірден ақша бере салмайды. Кепілзатыңды көрсетіп, құрылғыларыңмен таныстырып, қарызыңды қайтара алатыныңды дәлелдеуің керек. Ол ұзақ уақытты талап етеді. Ал несие алған күннің өзінде жай, қарапайым банктерден 14-15 пайыздық мөлшерлемемен аласыз. Оны да бір жылдың ішінде қайтару керек. Ал мына бағдарлама өте тиімді әрі пайдалы сияқты.»

Қаржының басым бөлігі, яғни 100 миллиард теңгесі «Даму» қорына берілген. Ал одан кейін 3 банк — «Халық банкі», «Цеснабанк» және «Қазкоммерцбанк» — әрқайсысы 20 миллиард теңгеден иемденіп отыр. Мұнан бөлек бағдаралама аясында «Центр Кредит» банкі (8 млрд. теңге), «АТФ банк» (7 млрд. теңге), «Сбербанк» (6 млрд. теңге), «Еуразиялық банк» (3 млрд. теңге), «Нұрбанк» (2 млрд. теңге), «Азия кредит банкі» (2 млрд. теңге), «Қазинвестбанк» (2 млрд. теңге) және «РБК банкі» (2 млрд. теңге) мен «Дельта» (1 млрд. теңге) банктері де жұмыс істейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YgnjuYvD0fY[/youtube]

 Бағила Құдайбергенова, «Даму» қорының аймақтық филиалының менеджері: «Қаржы алудың негізгі шарты — кәсіпкер өңдеу саласындағы шағын және орта бизнестің өкілі болуы керек. Яғни, азық-түлік өндіру, киім тігу, металл өңдеу және жиһаз жасау сынды салада жүрген кез-келген бизнесменге несие бере аламыз. Несие алудың максималды сомасы — 1 миллиард 850 миллон теңге болып табылады.»

Жиында кәсіпкерлер өздерін толғандырған өзге де сауалдарына банк өкілдері тарапынан жауап алды. Қос тарапқа да жаңа бағдарламаның шарттары тура келсе, қаржы беру институттары 2014 пен 2015 жылдарға арналған Ұлттық қор бөлген несие қаржысын таратуды бастайды.