Мақтаарал ауданының «Достық» ауылдық округінде су ұңғымасы пайдалануға берілді. Айта кетейік, шаруалар бұл ұңғыма арқылы 200 гектар алқапты суара алады.
Ұңғыма Италиядан жеткізілген сорғылармен, электрлік қозғалтқыштармен жабдықталған. Қазір аудандағы 50 мың гектар алқапты суаруға қауқарлы 218 ұңғыманы қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда бұл мақсатқа тиісті қаржы да қарастырылған. Сала мамандарының айтуынша, аудандағы ұңғымалардың көбісі пайдалануға жарамсыз күйде. Себебі, төтелдер тоқырау жылдарында қараусыз қалған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kR6FjSGXQ64[/youtube]