Миллиардтарға салынып, қираған канал жөнделетін болды

437

Көрінісі көне түркі қағанатынан қалған каналға ұқсайтын мына су арнасы 2011 жылы қолданысқа берілген. Он шақырымға созылған каналдың төрт шақырыымдық бөлігінің жағалауы арада үш жыл өтпей сөгіліп, қорғаныштары қирап қалған болатын. Себебі…

20140402_133858

Сенбай Сейсенов, «Қазсушар» РМК ОҚО филиалының директоры: «Биылғы көктем жаңбырлы болды. Каналдың жанындағы егістік жерлердің біреуінде тік ұңғымалар істемейді. Баяғы Кеңес уақытында Мақтаарал ауданында 847 ұңғыма болса, соның 366-сы ғана қалпына келтірді. Бірақ сол аймақ жобаға кірмеген. Бірінші дренаж істеген жоқ. Екінші каналдың бойындағы дренаждар үлгере алмады. Соның есебінен каналдың ернеуі құлай бастады.»

20140402_133902

Бұл мәселе республикалық бұқаралық ақпарат көздерінен елге тараған соң су арнасына жауапты адамдар Астанадағы министрліктерге хат жазып, комиссия құрылған. Тіпті, Қытай мен Македониядан, өзбек елінен мамандар шақыртып, мәселені жіті зерделепті.

vlcsnap-2014-07-28-18h24m13s227
Сенбай Сейсенов, «Қазсушар» РМК ОҚО филиалының директоры: «Ең үлкен бір мәселе — бұл мазараттың жанында 300 метр жөндеу. Халықты көрдіңіздер. Халық шулап, сол кезде бір ыңғайсыз жағдайларға қалдық. Керек болса халық «Каналды жауып, биыл жұмыс істетпейміз» деген еді. Сол жерде уәде бердік қой. Бұл мәселе үкіметте бірнеше рет қаралды. Ақыр соңында осыған қаржы бөлмесе болмайды деген тұжырымға келді.»

20140402_131039

Шынымен де канал Сүлеймен мазарын жұтуға жақындаған. Алайда атқа мінер азаматтар өз сөзінде тұрып, зияраттың тұсынан 300 метр цемент құюға 105 миллион теңге бөліпті. Қазір ол маңай тегістеліп жатыр. Сонымен қатар су арнасын бойлай ұзындығы 3 шақырымнан астам электр желісін тартылып, 16 жерасты ұңғымасы қалпына келтірілген. Канал маңындағы қашыртқының 4,8 шақырымын қыркүйектің біріне дейін бетонмен қаптау жоспарланып отыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына үкіметтің қосалқы қорынан 370 миллион теңге қаралыпты.

20140402_142807
Сенбай Сейсенов, «Қазсушар» РМК ОҚО филиалының директоры: «370 миллионның ішінен қазір шеберхана салып жатырмыз. Ол қондырғыларды шығарғаннан кейін, бір жерге жөндеу керек. Жобада шеберхана жоқ. Қазір енді соның қаңқасын тұрғызып жатырмыз. Ол да 1-қыркүйекте бітуі керек. Қазір бізде ішіне кран-белтемір қойып жатқан мекеме бар. Жаңа жылға дейін, амандық болса, көтеретін кран мен шеберхана болады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MPMVRqRpPRs[/youtube]

Демек, бұдан былай ондағы су сорғыштары да күтімсіз қалмайды. Ал каналға жауапты мамандар аттестациядан өтіп, білікті жаңа құрам жасақталып, басшылығы ауысыпты. Ал 2015 жылы су арнасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.