«Сбербанк» тұтынушысын Түркияға жіберді

259

«Сбербанктен»-сыйлық. Салымшылар үшін шарттары тиімді банк өз клиентеріне сый жасауды да ұмыт қалдырмайды. «Сбербанк» АҚ жаңадан ашылған «Темірлан» бөлімшесінде өткен лоторея ойындарынан клиенттер сыйлыққа қарқ болып қайтты.

«Сбербанк» АҚ жаңадан ашылған «Темірлан» бөлімшесінде өткен лоторея ойындарына депозит ашқан клиенттер мен есеп айырысу карточкаларының тұтынушылары қатыстырылды. 14- сәуір мен 30- маусым аралығында өткен шараға 200-де аса клиент атсалысты. Ұтысқа он бес шақты бағалы сыйлықтар қойылды. Оның ішінде — екі кісіге арналған Түркияға саяхатқа жолдама да бар.

Лидия Момот «Темірлан» бөлімшесіне осыдан бір ай бұрын тұрақты клиент ретінде тіркелген. Үйге жақын, қатынау да оңай және банктің шарттары да көңілге қонымды дейді салымшы. Оның үстіне банк ұйымдастырып отыратын түрлі шаралар да клиенттерді бей-жай қалдырмайды. Ұсақ-түйек сыйлықты да қанағат тұтар едім деп келген Лидия Анатольевна сәтін салып, су жаңа кір жуу машинасына қол жеткізді.

Лидия Момот, «Сбербанк» АҚ-ның тұтынушысы: «Мен немереме пәтер алып беруге қаржы жинау үшін, дәл осы банктен есепшот ашқан болатынмын. Енді, міне, сыйлық ұтып алдым. «Сбербанкке» рахмет».

Басты ұтыстың уақыты да келді. Қатысушыларда үміт басым. Көпшілік көзін тіккен басты сыйлық — Түркияға екі кісілік жолдама. Шет елде саяхат жасауына мүмкіндік беретін жолдама кімге бұйырар екен?

Орынша Ескендирова, тұтынушы: «Бұл банктің 3 жылдан бері тұрақты тұтынушысымын. Қызметтеріне көптеп жүгінемін. Жуырда  ғана депозит аштым. Лоторея ойындарына қатысу бақыты сол кезде бұйырды, купон берді. Ал бүгін бас жүлдені жеңіп алдым, бақыттымын,қуанышымда шек жоқ».

Енді бас жүлде иегері, Түркияға барып, демалып қайтады. Осылайша, сүйікті банкінің тағы бір көрсеткен қызметіне, сыйлығына дән риза болып тарқасты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=M78gZBhHwxo[/youtube]

Марат Утемисов,  «Сбербанк»  АҚ-ның Шымкенттегі филиалының директоры:» Бөлімде арнайы акция жүрді. Тұтынушы атан да, ұтыс ойындарына қатыс акциясын ұйымдастырдық. Тұтынушылар көптеп келді. Бәрі риза. Ойын көңілдерінен шықты. Ұтыс ойынына қатысушылардың саны 233 болды.  Біздің тұтынушылар ұтысқа бола клиент болмайды, біз расында да сапалы қызмет көрсетіп, тиімді шарттар ұсынамыз».