«Сбербанк» қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанады

299
30 бірдей құрама қатысты

«Деннің саулығы – басты байлық.» Дәл осындай ұранмен Алматы қаласында жазғы Сбербанкиада өтті. «Сбербанк» қызметкерлерінің дәстүрлі спорттық сайысына қатысу үшін биыл үміткерлер еліміздің 30 қаласынан келген. Банктің жекелеген және топтық ойындарда оқ бойы оза шыққан еңбеккерлері енді халықаралық Сбербанкиадада намысты қолдан бермеу үшін дайындығын бастаған. Айта кетейік, халықаралық бәйге күзде Түркияда өтеді деп жоспарланып отыр.

Шахмат ойыны

Биылғы жылғы байқау анағұрлым ерекше ұйымдастырылған. Шараға шақырылған спортшылар, жанкүйерлері мен банктің жетекшілерінен құралған қызметкерлер саны 500 адамнан асып жығылды. Ал сайыс шағын футбол, волейбол, баскетбол, бадминтон, шахмат, жеңіл атлетика, үстел теннисі сынды 9 бірдей спорт түрінен өрбіді.

Александр Камалов, «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы: «Сбербанкиада – біздің ұжымның олимпиадалық ойыны. Осы ойын мен банк қызметкерлері анау айтқан байланысты ұғым болмағанымен, қаржы құрылымында қызмет ету үлкен ақылды талап етеді. Және физикалық қимыл да аса маңызды. Сондықтан біздің әріптестер спорттан алыс емес деп ойлаймын. Екінші жағынан спорт – бұл жетістік. Және банк бизнесінің үлкен есебі де жетістік. Әріптестеріміздің денсаулығын қадағалап, салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұл іс-шара біз үшін үлкен маңызға ие.»

30 бірдей құрама қатысты
30 бірдей құрама қатысты

Жеке көшбасшылық пен ұжымның ынтымағы – «Сбербанктің» ең бағалы ұстанымына айналған. Олимпиадалық ойында банк еңбеккерлері өздерінің мінез-құлықтарын бағамдап, өз тобы үшін жанкүйер болып, «Сбербанктегі» құрмет-сыйластықты көрсетті.

Берік Жолдазбеков, «Сбербанк» АҚ ЕБ ШФ заңгерлік секторының басшысы: «Іс-шараның басты көздегені де осы – салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұжымның бірлігін нығайту. Мәселен, бізде жұмыста халыққа орындықта отырып қызмет көрсетеміз, сондықтан спорттық шаралар өте қажет. Мен ұйымдастырушаларға және банк басшылығына алғысымды айтамын. Расында да банк бізді осылай құрметтеумен келеді.»

Сайыстың жеңімпаздары да белгілі болды. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша жеңімпаз ретінде Петропавл, Павлодар, Көкшетау және Қостанай қаласынан құралған «Солтүстік» құрамасы танылды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан құрамасы жеңіп алды. Үшінші орынды алматылықтар місе тұтты. Бәрінен бұрын спорттық сайыс аясында «Сбербанк» ынтымағы жарасқан бір отбасы, бір ұжым екенін тағы да дәлелдеді.