Алкоголизмнің алдын алудың кезекті амалы. Бұдан былай спирттік сусындар мен алкоголь өнімдерін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының ғимараттарында сатуға тыйым салынды. Бұған қоса бұл өнімдер енді автожанармай құю бекеттері мен сауда базарларында да саудаланбайтын болды.
Өзгерістерге сәйкес, көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлердің жылдық лицензиялық алымының сомасы 200 айлық-есептік көрсеткішке тең болып белгіленді. Ал 21 жасқа дейінгі азаматтарға алкоголь өнімін өткізгені үшін және өнімді сату уақытын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейді.
Айта кетейік, заңнамадағы толықтыруларға сәйкес, кейбір ішімдік түрлерін саудалау мерзімі де қысқартылып отыр. Жаңа заңнамадағы бекітілген тәртіп бұзылған жағдайда кәсіпкерлердің лицензиясы тоқтатылып, әкімшілік шара қолданылады. Бұл заңнама үстіміздегі жылдың 17-шілдесінен бастап бастап күшіне енбек.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sbDHMYp3XWQ[/youtube]