Әдетте шөлді жерді мекендейтін түйе енді таулы аймақ – Түлкібаста да та өсіріле бастады. Аудандағы Кемербастау ауылының тұрғыны Мұқтар Ибрайм төрт жыл бұрын ойсыл қараның бірнеше басын алдырады. Қазір төртүліктің төресі саналатын түйелер қатары күннен-күнге артып келеді.

000

Бастапқыда құмды әрі шөлді жерде тіршілік ететін түйенің Түлкібасқа жерсінетініне ауыл адамдары күмәнданған. Өсіруге болмайды дейтіндер де аз болмапты. Алайда шаруа сол сөзді теріске айналдырып, ойсыл қараны мұнда да көбейтуге болатынын іспен дәлелдеп отыр.

Мұхтар Ыбрайым, шаруа: «Биыл осы кәсіппен айналысқанымен төртінші жыл болды. Екі рет боталаттым. Төрт түйе боталады. Қазір халық тойханаларда шарап ішуді доғарып, қымыз, қымыран іше бастады. Әр тойханаға 80-100 литр қымыран дайындап береміз. Менің айтарым – бұл жануарды бұл жерде өсіруге әбден болады. Жоңышқа мұның жаны екен. Жантақ деген өлгеннің күнінен жеп жүрген нәрсе екен.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nEfRlI3jMX4[/youtube]

Айтжан Әлжанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы: «Егер осы шаруа қожалығы мемлекет тарапынан асыл тұқымды түйе сатып алатын болса, оның әр басына 37 мың теңгеден субсидия төленеді. Ал егер аналық басы 70 бастан асатын болса, әр өндірген литр қымыранына өкімет тарапынан 55 теңгеден субсидия берілетін болады.»